Медеу шатқалында жігіттің мәйіті табылды

24.02.2024 16:00

Полиция мән-жайды анықтап жатыр

Almaty.tv

Медеудегі лай көшкіні бөгетінен табылған мәйіттің кім екені анықталды. Марқұм 19 жастағы Жәкежан Сержан Серікұлы Алматы облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы «Лидер» еріктілер қозғалысы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Полиция дерегі бойынша, ол Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылындағы үйінен 22 ақпанда таңғы сағат 09:00 шамасында шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қандай жағдайда өлгенін қазір полиция анықтап жатыр.

Бұдан өзге мәлімет тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында үй өртеніп, төрт бала қаза тапты