WhatsApp-тан чат ашқан: алаяқтар қазақстандықтарды 63 млн теңгеге алдап соқты

02.11.2021 16:01

Бұл пирамидаларды Орал қаласының екі тұрғыны ұйымдастырған

paryz.kz

Батыс Қазақстан облысында 400-ден аса адам «Лидер»,«Алтын Тұмар» және «Великое Будущее» қаржы пирамидаларының құрбаны болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұл пирамидаларды Орал қаласының екі тұрғыны ұйымдастырған.

«Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар WhatsApp-та чат құрып,  7 күн ішінде салынған қаражаттың 100%-інен асатын сыйақы алу үшін ақша салуды ұсынған», – деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.

Ақша қолма-қол немесе картасына қабылданған.

Тергеу барысында анықталғандай, бір салымшының табысы басқа салымшылардан түскен жарна есебінен беріліп отырған. Ұйымдастырушылар кәсәпкерлік қызметпен айналыспаған.

Қаржы пирамидаларына барлығы 435 салымшының қаржысы тартылды. Жәбірленушілерге 63 миллион теңгеден астам шығын келтірілді.

Ұйымдастырушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.