Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Алматы облысында қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар сотталды. Олар 3 жыл қатарынан қайтарымсыз қарыз беру арқылы тұрғындардың 1,5 млрд теңгесін иемденген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша, тұтыну кооперативіне алданып қалған салымшылар саны 3 мыңға жуықтайды. Тергеп-тексеру барысында ерлі-зайыптылардың қылмысы дәлелденді. Олар қаржы пирамидасын құрып қана қоймай, қызметін жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.
– Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 миллиард теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 миллион теңгеге шектеу қойылды. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Шымкенттік жүргізушінің көлігінен ірі көлемде есрткі табылды