Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан заңсыз өтпек болғандарды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
28 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша ҰҚК шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті барысында белгіленген өткізу пунктілерін айналып өту кезінде 17 шетел азаматын ұстады.
Ол адамдардың шекарадан өту құқығына шектеу қойылған болатын.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Заң бойынша Қазақстанның мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында су тасқынына қарсы іс шаралар жалғасуда