Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 400 млн теңге залал келтірген

16.01.2024 16:10

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Сгенерировано ИИ

Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталып, 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заңсыз ұйым басшылары азаматтардың көліктерін нарықтағы бағадан 20 пайызға қымбатқа сатып алатынын айтып, нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасқан. Ал төлемді 2-3 айдың ішінде өтейміз деген әккілер темір тұлпарларды үшінші тұлғаға арзан бағаға сатып, ізін суытып отырған.

– 2022 жылдың наурыз айында Д.И. Дәулетов, А.Т. Жанасаевтың жетекшілігімен құрамында К.А. Құдасов, О. Б.Жайлаубай және басқа да тұлғалар бар қылмыстық топ «Аuto Seller» ЖШС деген атпен автокөлік құралдарын жоғары бағамен сатып алып, төмен бағамен сатумен айналысатын қызметті бүркемелеп, қаржы пирамидасын құрған. Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы 404 млн теңгені құрады, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Есірткі курьерлері кофе стақандарын не үшін пайдаланады