Олардың барлығын солтүстік қазақстандық полицейлер ұстап, ресейлік әріптестеріне табыс етті
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері соңғы үш айда көрші елдердегі әріптестеріне 24 қылмыскерді ұстап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ТМД бойынша іздеу жарияланып, облыс аумағында ұсталған 24 қылмыскердің 21-і Ресейге, біреуі Арменияға және екеуі Өзбекстанға жіберілді.
Мәселен Омбы және Қорған облысының екі тұрғыны есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін; тағы екі тұрғын шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздестірілген. Түмен облысының тағы бір тұрғынын жедел уәкілдер өлтіремін деп қорқыту және ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін іздестірген. Олардың барлығын солтүстік қазақстандық полицейлер ұстап, ресейлік әріптестеріне табыс етті.
«ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл аясында қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қылмыстарды ашу, із-түссіз жоғалған тұлғаларды және қылмыскерлерді іздестіру бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Осы мақсатта облыстық Полиция департаменті жедел-анықтамалық, іздестіруге қатысты ақпарат алмасу жұмыстарын жүргізеді. ТМД елдерінің ішкі істер органдары СҚО полициясына бір қылмыскерді ұстап берді. Ол есірткімен байланысты қылмыс үшін іздеуде болды», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Оқи отырыңыз: Ашуланған ана 4 айлық сәбиін диванға ұрып өлтірді