Екібастұздағы қанды оқиға: Полиция зейнеткердің ер адамды неге өлтіргенін айтты

25.02.2021 16:13

Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды

express-k.kz

Екібастұзда адамға екі рет оқ атып, оны жазым қылған 65 жастағы азаматтың мұндай қадамға баруының себебі белгілі болды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анықталғандай, күдікті мен зардап шеккен азамат арасында бұрыннан бері тұрмыстық және қызметтік кикілжіңдер орнап, олар жағымсыз қарым-қатынаста болған. Сөйтіп мұның соңы адам өліміне алып келген. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалған.