Атырау облысында жасырын казино анықталып, ірі көлемде ақша тәркіленді

17.03.2023 16:14

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жалғасып жатыр

pixabay.com

Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде жасырын казино ашқан топты анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және де басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәлардан жауап алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық құқық бұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жалғасып жатыр.