Ол ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды
Іздеуде жүрген шетелдік азамат Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселе көрші мемлекеттердің бірінің азаматы туралы болып отыр. Ол белгілі болғандай, Францияның құқық қорғау органдарымен іздеуде болған.
32 жастағы К. есімді азамат аса ірі көлемдегі алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ақшаны жымқыру бойынша айыпталып отыр.
Іздеудегі азаматты Алматы қаласының көші-қон қызметі, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Ұсталған адам ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.