Алматыда есірткі зертханасы жойылды

24.09.2020 20:17

Ұсталған азамат қамауға алынды

Polisia.kz

Алматыда синтетикалық есірткіні өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәртіп сақшылары арнайы іс-шара кезінде 5 жабдық жиынтығы және синтетикалық есірткі өндірісі үшін компоненттері бар 4 бөшке сондай-ақ, 100 гр.  «Мефедрон» препаратын тәркіледі. Тінту кезінде үйдің екінші қабатының жатын бөлмесінде ерекше иісі бар полиэтилен пакетінде тұрған екі ұнтақты зат, магниттік араластырғыш табылды. Оны 1976 жылы туылған азамттың құрастырғаны анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған ақ затта және заттың пластик карточкада қабатталуында мефедрон табылған болатын. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. Сезікті қамауға алынды», – деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.