Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Павлодар автовокзалында 34 жастағы павлодарлық Алматы облысының 35 жастағы тұрғынына пышақ салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Tipavlo Telegram-арнасында «Павлодар автовокзалында бүгін кешке адам пышақталды» деген видео жарияланды. Бейнетүсірілімді қалалық полицейлер тексеріп, зерделеді. Бұл факт қаланың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі болғандай, жанжал кезінде 34 жастағы павлодарлық өзінің танысы Алматы облысының 35 жастағы тұрғынының аяғына пышақ салғаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.