ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев бостандыққа шықты

19.06.2020 18:39

Нартай Дүтбаев 2017 жылдың қыркүйегінде сотталған болатын

camonitor.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі ақпарат таратты. Іс жүзінде ол жазасының жартысынан көбін өтеген. Сол себепті, мерзімінен бұрын босату туралы екінші рет өтініш беріпті. Нәтижеде сотталғанның 64-жасқа толғаны ескеріліп, бостандыққа шығару туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, Нартай Дүтбаев 2017 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік құпияны жария етті және қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталып жеті жарым жылға қамалған болатын. Одан бөлек сот оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.