Қостанайда криптовалютадан табыс тапқан кәсіпкерлерге қатысты іс қозғалды

27.03.2024 16:27

Күдіктілер 2020 жылдан бері кепілсіз цифрлық активтерді саудалаған

Фото: elements.envato.com

Қостанайда криптовалютадан миллион доллардан астам табыс тапқан екі кәсіпкерге қатысты іс қозғалды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, күдіктілер 2020 жылдан бері кепілсіз цифрлық активтерді саудалаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Яғни тұтынушыларды тарту үшін вэб-сайт құрып, кез келген адамның электронды қаражат алмасуына мүмкіндік жасаған. Аталған тұлғалардың тұрғылықты жерін тінту кезінде заңсыз әрекетті растайтын заттай айғақтар да табылған. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

– Тінту нәтижесінде заңсыз әрекетті растайтын заттар – жүйелік блоктар, ноутбуктер, криптовалюта биржаларының қосымшалары бар ұялы телефондар, криптовалюта айырбастау пунктінің сайты, сондай-ақ логин және криптовалюта биржасында шоттың құпия сөзі жазылған құрылғы табылды. Күдіктілердің мүлкі мен криптовалюта шотындағы қаражат тәркіленді. Кепілсіз цифрлық активтерді сатудан түскен заңсыз кіріс шамамен 1 млн 350 мың АҚШ долларын құрады, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Елімізге жалған құжатпен 45 жүк көлігі кіргізілген