Семейде мас жолаушылар такси жүргізушісін соққыға жыққан

26.02.2021 16:28

Такси жүргізушісі екі жолаушыны апарудан бас тартқан

Руслан Кривобок/РИА «Новости»

Семейде мас жолаушылар өздерін діттеген жеріне апарудан бас тартқан таски жүргізушісін соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

61 жастағы Семей қаласының тұрғыны қалалық Затон полиция бөліміне жүгініп, өзін екі бөтен жігіт соққыға жыққанын айтып шағымданады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 29 және 35 жастағы екі күдіктіні қолға түсіреді. Екеуі де тергеу барысында өз қылмыстарын мойындады», – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, такси жүргізушісі екі жолаушыны апарудан бас тартқан. Себебі екеуі де мас күйінде болған көрінеді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.