Зейнет жасындағы қалта ұрысы ұсталды

31.10.2023 16:30

Ол қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған

Фото: elements.envato.com

Қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған 63 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұстауды қаланың Медеу ауданының жедел уәкілдері жүргізген. 

– 1960 жылы туған И.есімді азамат смартфон ұрлады деген күдікке ілікті. Алматы облысының тұрғыны қаланың әртүрлі аудандарында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқаны белгілі болды. Соңғы эпизодта Назарбаев даңғылы мен Райымбек даңғылының қиылысында №225 бағыттағы қоғамдық көлікке мініп бара жатып, жолаушының қалтасынан IPhone телефонын ұрлап кеткен. Тергеу айғақтық негізде жұмыс істеп, күдіктінің қаланың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұған дейін де ұрлық пен тонау жасағаны үшін сотталғаны белгілі. Телефон айғақты зат ретінде тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс материалдарына қосылды, – деп хабарлады Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев. 

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.