Бас прокуратура Қайрат Құдайберген не себепті қамауға алынғанын түсіндірді

22.04.2022 16:31

ашық дереккөз

Прокуратура алматылық мәслихат депутаты Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

«Қайрат Құдайбергенді 21 сәуір күні ұстады», - деді ол.