Жалған құжатпен өтпек болған: Алматы әуежайында шетелдіктер ұсталды

06.03.2024 15:32

Шетелдік азаматтар депортацияланды

Сгенерировано ИИ

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдалану әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, 2024 жылғы 1 наурызда Алматы халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталған.

- Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды. 2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 дерегінің жолын кесті, - делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлайды.

Оқи отырыңыз: Жалған ақша жасаушылар қолға түсті