Павлодар облысында 35 тонна астық ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды

world-nan.kz
world-nan.kz
Келтірілген зиян шамамен 5 миллион теңгені құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында 35 тонна астық ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ертіс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Ертіс ауданының бір ауылының маңындағы егістік алқаптарынан дәнді дақылдарды ұрлады деген екі күдіктіні анықтап, ұстады. 

"Барлығы 35 тонна астық ұрланған. Келтірілген зиян шамамен 5 миллион теңгені құрады", – дейді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов. 

Ұсталғандар - 28 және 42 жастығы Ертіс ауылының тұрғындары. Олар өз кінәларын мойындады. Ұрланған астық толығымен тәркіленіп, иесіне қайтарылды. 

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Новости партнеров