Жедел-тергеу іс-шаралары әлі де жалғасып жатыр
«11 дана қару мен 200-ден астам оқ-дәрі». Алматы мен Алматы облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операция кезінде дәл осындай көлемде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шұғыл шара барысында екі қылмыстық топ ұсталған. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында патрондары бар «Калашников» автоматы, «Сайга-410» қылмыстық кесінді карабині және аңшының шолақ мылтығы табылған. Комитет мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.