Астанада ойын алаңынан бренд сөмке ұрлаған әйел ұсталды

09.06.2024 16:51

Басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

elements.envato.com

Астанада ойын алаңынан бренд сөмке ұрлаған әйел ұсталды. Ол Қырғызстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке.

Басылым мәліметіне сүйенсек, полицияға елорда тұрғыны хабарласып, ойын алаңынан белгісіз біреу 200 мың теңге тұратын бренд сөмкесін ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Көп ұзамай "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 66 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын анықтаған. Тергеу барысында әйелдің оң жақ жағалауда орналасқан саябақтағы ойын алаңына келгені белгілі болды. Ол тұрғынның орындықтардың біріне сөмкесін қалдырып, ойын алаңына кеткенін байқаған.

Осылайша қолайлы сәтті пайдаланып, Місhael Коrs брендінің сөмкесін алып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта әйелдің елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда полиция заңсыз курьерлік қызметпен айналысқан шетелдіктерді анықтады