Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

16.09.2023 16:52

Cотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: Антон Балашов

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу аудандық полиция басқармасына арыз жазған 33 жастағы әйелдің айтуынша, түскі уақытта №130 қоғамдық көлікте белгісіз біреу 180 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен. 

– Жедел-іздестіру шаралары қаскөйдің жеке басын анықтауға мүмкіндік берді. Ол 33 жастағы К.есімді азамат болып шықты. Ұрлық қоғамдық көлік салонына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. “Ізін суытпай” ұсталған күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындады. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сараланды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов. 

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Дерекөз: Polisia.kz