Шетелдік лаңкестерге қосылмақ болған ҚР азаматы әуежайда ұсталды

23.12.2023 16:54

Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

elements.envato.com

22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрын ол ұрлық, зорлық жасағаны және кісі өлтіргені үшін сотталған.

Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған.

Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдіктелуде.

Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Мегаполистегі бағыттық автобустар саны артты