Баланың еміне қажет: ақмолалық әйел алаяқтық жолмен қаражат жинаған

10.12.2022 16:56

Ол белгілі блогерден парақшасында хабарландыру жариялауды сұраған

polisia.kz||||||

Ақмола облысында қайырымдылықты пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының 35 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Өтініш берушінің айғақтары бойынша, оған белгілі блогер ретінде Ақмола облысының тұрғыны хабарландыру жариялауды сұраған. Әйел блогерге баланы емдеу үшін қаржы қажет екенін түсіндіріп, банк картасының нөмірін берген. 

Instagram әлеуметтік желісінде хабарландыру жарияланғаннан кейін және ақша түскеннен кейін Щучинск тұрғыны өзі туралы жалған ақпарат бергені әрі оның балалары жоқ екендігі белгілі болды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.