Ақтөбе облысында тағы бір алаяқ ұсталды

21.02.2024 16:57

Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Ақтөбе облысында тағы бір алаяқ ұсталды
polisia.kz

Ақтөбе облысында фермерлер «Аграрлық несие корпорациясының» несиесін мақсатсыз жұмсаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

200 миллион теңгеге жуық қаржы мал шаруашылығын дамытуға бөлінгенімен, 3 шаруа қожалығының басшысы оны қажеттілігіне жаратқан. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, кінәлілер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Қылмыстық құқықбұзушлық белгілерінің болуына байланысты материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Олар бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі таңда тергеу нәтижелері бір қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ал екі іс бойынша тергеу жүргізілуде, – деді облыс прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Оқи отырыңыз: ІІМ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды