Қаржы мониторингі агенттігінің 2 лауазымды тұлғасы ұсталды

20.08.2024 17:02

Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары алаяқтық жасамақшы болған

elements.envato.com

Алматы қалалық сотының үкімімен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкенов сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды», - делінген сот үкімінде.

Антикордың хабарлауынша, сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Теги: алаяқтық