Полиция бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны арызданған
Қарағандыда ұры әйелдермен танысып, олардың бағалы заттарын ұрлаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды ПБ Октябрь полиция бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгілі бір адам оның ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлағанын хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 1,8 миллион теңге.
Арызданушы дәмханада жұмыс істейді. Ол сонда клиенттердің бірімен танысқаны белгілі болды. Ол әйелді романтикалық кешке шақырады. Таңертең әйел әмиянындағы кілттер жоқ екенін байқаған. Ер адам жәбірленушінің бейқамдығын пайдаланып, оларды ұрлап кеткені белгілі болды. Одан кейін кафеге кіріп, ақша мен әшекей бұйымдарды алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – бұрын сотты болған 34 жастағы ер адамды ұстаған. Ол кінәсін мойындады.
Тергеушілер соталды тергеп-тексеру барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады. Бұл жағдайда күдікті 700 мың теңгеден аса ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Жәбірленуші – 29 жастағы әйел.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.