Алматыда кәсіпкерден ақша бопсалаған «қылмыстық төрттік» ұсталды

09.06.2023 17:05

Олардың үшеуі бұрын істі болған

polisia.kz

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған “қылмыстық төрттік” ұсталды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Арнайы іс-шара барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болғандығы белгілі болды.

– Күдіктілер физикалық күш қолданамын деп қорқытып, кәсіпкер 21 жастағы К. есімді азаматтан 2 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдіктілер сұраған соманың бірінші бөлігін бірден алған, қалғанын табу үшін 20 күн уақыт берген. Бопсалау дерегі ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілді. “Қылмыстық төрттіктің” қылмыстық әрекеттері құжатталды. Олар қылмыс үстінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдіктілер УҰИ-ға қамалды. Атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі анықталды. Сараптамалар тағайындалды, — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.