Астанада 15 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды

26.02.2024 17:08

Тергеу жалғасып жатыр

Almaty.tv

15 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2009 жылы Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған адамды іздестіру басталды, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланды, ол жақта жоғалған адам жайлы хабар тараған.

"Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылды. Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады, тергеу барысында кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды", - делінгенген хабарламада.

Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түскен. Ер адам жанжалдасқанда оны тұншықтырып өлтіргені анықталды, содан кейін ол денесін суға батырған.

"Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.