ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды
Түркістан облысы тұрғынының көлігінен салмағы 160 келі болатын 3 қап заңсыз ауланған балық табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмәнді Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан.
Жүргізушінің құжаттарын тексеріп, көліктің жүк салғышын қарағанда заңсыз ауланған 3 қап балық анықталды. Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі болатын түрлі балық тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.