Алматы облысында балаларды ұрып-соққан адам ұсталды

16.02.2024 20:25

Ол Түркістан облысының 47 жастағы тұрғыны болып шықты

elements.envato.com

Полицейлер Алматы облысындағы пәтерлердің бірінде балаларға шабуыл жасап, ұрып-соққан ер адамды ұстады. Ол Түркістан облысының 47 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үйге ұрланып кірген ересек еркек кішкентайлардың қол-аяғын байлап, пышақпен қорқытқан. Бір баланың көзіне зақым келтірген. Үй ішіндегі сұмдықты қайта жақын маңдағы көршілер байқап, балаларды құтқарып қалған. Ал оларға зәбір көрсеткен қарақшы қашып үлгерген.

Алматы облысының полициясы күдіктіні ұстауға барлық күшін жұмылдырып, ер адамды Қарасай ауданында қолға түсірді.

– Күдікті адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оны ұстау бойынша арнайы операция Алматы облысы Қарасай ауданында өтті. Тергеу барысы жеке бақылауыма алынды, – деді Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда пәтер жалдау құны артты