L-Capital инвестициялық компаниясы кеңсесінде полиция қызметкерлері тінту жүргізді

12.02.2021 17:21

Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды

Алматыдағы L-Capital инвестициялық компаниясы кеңсесінде полиция қызметкерлері тінту жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта Алматы қаласы ПД-ның Тергеу басқармасы салымшылардың ұжымдық өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.

Компанияның кеңселерінде санкция бойынша тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтылық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.

L-Капитал компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасына өтінішпен жүгінуі немесе мына телефондарға қоңырау шалуы қажет: 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797.

Кеше "Алматы" телеарнасының тілшілері L-Capital компаниясынан зардап шеккен тұрғындардың жанайқайын түсіріп қайтқан еді. Арасында қала ортасынан 2 бөлмелі пәтерін сатып, ақшасын қаржы пирамидасына аударғандар да бар.