Алматы облысында ер адам әйелін атып тастады

21.11.2022 17:22

Марқұмның артында үш баласы қалды

infosmi.net

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақбастау ауылында ер адам әйелін атып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға туралы Дина Таңсәрінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. Ондағы ақпаратқа сәйкес, 19 қарашада Еңбекшіқазақ ауданы Ақбастау ауылының 47 жастағы тұрғыны әйелін атып өлтірген.

Әйел жолдың келесі жағында тұратын өз анасының үйіне кеткен. Күйеуі артынан барып, сол жерде оқ атқан. Марқұмның артында үш баласы қалды, бірі мектеп оқушысы.

Ішкі істер министрлігі аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Полиция бөлімінің тергеушілері адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады. Сол күні күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы - күдіктіге тиесілі аңшылық атыс қаруы тәркіленді. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері облыстық полиция департаментінің бақылауында",- делінген хабарламада.