|
05.05.2022 | 12:22
770

Интернет-алаяқтық 10 есе көбейді: Бас прокуратура ескерту жасады

Ведомство мәліметінше, интернет-алаяқтық 2017 жылы 2 мыңнан 2021 жылы 21 мыңға дейін көбейіп кеткен

Интернет-алаяқтық 10 есе көбейді: Бас прокуратура ескерту жасады ашық дереккөз

Қазақстанда соңғы 5 жылда интернет-алаяқтық деректері 10 есеге өскен, деп хабарлайды Almaty.tv Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, интернет-алаяқтық 2017 жылы 2 мыңнан 2021 жылы 21 мыңға дейін көбейіп кеткен.

«Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.

Уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жымқыру әдісі күрделеніп барады. Алайда көп жағдайда алаяқтардың қасақана ойын іске асыруына азаматтардың өзі де кінәлі. Өйткені олар алаяқтардың жаңа әдістерін білмейді. Интернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелемін деп, опық жеп қалады», – делінген хабарламада.

Бас прокуратура осындай қылмыстарды азайту үшін цифрлық технологияларды енгізуді, қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіруді, ІТ-бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлеуді көздейтін арнайы Жол картасын әзірледі.

Бүгінде Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының да, оның аумақтық бөлімшелерінде штат саны көбейді. Онлайн несие алу тәртібін қатаңдату мақсатында биометрика және ЭЦҚ қолдану міндетті болды.

«Өткен жылмен салыстырғанда интернеттегі алаяқтық фактілерінің саны 7-ден 4,5 мыңға дейін (34%-ға) азайды.  808 (644) іс сотқа жолданды. Өңірлерде осындай іспен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды. Мысалы, Шымкентте өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған 5 адам қашықтан қол жеткізу бағдарламалары арқылы азаматтарға несие беріп, несие қаражатын иемденіп отырған», – делінген ведомство хабарламасында.

Құзырлы орган өкілдері онлайн сауда жасайтын кезде күмәнді транзакциялардан бас тартға шақырады.

«Банк картасының деректерін, шот номерін және қауіпсіздік кодын бөтен адамға бермеңіз. Банктердің күмәнді сілтемелерін ашпаңыз. Күмән туғызған сілтеме бойынша кіріп, ол жерге жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз. Танымайтын адамға ақша аудармаңыз. Егер банк картаңыздан ақшаны заңсыз алып қойса, дереу банкке немесе полицияға хабарласыңыз», – деп ескертті Бас прокуратура.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

алаяқтық
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир