Алматы облысында жігіттер аспанға оқ атып, құрмет көрсетті (видео)

03.05.2024 в 17:25

Әскерден оралған достарын ерекше қарсы алғандар желіні шулатты

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғындар әскери борышын өтеп, үйіне оралған жастарды қарсы алған. Сол сәтте аспанға оқ атылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ауылдардың бірінде әскерден оралған жастарды қарсы алу рәсімі өткені түсірілген видео тараған. Видеоға қатысты Алматы облысы полиция департаменті Instagram парақшасында пікір білдірді. Ведомство ақпаратынша, бұл факт әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталған. Жағдай 30 сәуірде Қарасай ауданы Көксай ауылында болған. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізген. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды. Ведомство ақпараты бойынша, полицейлер атыс қаруын қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жас жігіттер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:Шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ сотталды