Атырауда есірткі қылмысы өршіп барады

flashcrimea.com
flashcrimea.com
Оның көбі ғаламтор арқылы сатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полицейлер интернет арқылы жасалатын есірткі саудасының етек жаюына байланысты ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар жетіспей жатқанын айтып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Атырау облысында есірткі саудасына қатысты 45 қылмыстық іс тіркелген.

- Соның нәтижесінде соңғы бес айда заңсыз айналымнан жалпы салмағы 5 келі тартатын есірткі заты тәркіленді. Нашақорлық заттарды жарнамалайтын 15 сайт анықталып, бұғаттауға жолданды. "Трамадол" есірткі қатарына енгізілгенімен, дәріханалық нашақорлыққа жататын препараттардың өзге түрлері пайда болды. Сондықтан мамандар күдікке ілінген адамның ағзасынан дәрілік есірткіні анықтау мүмкін болмай отырғанына шағымдануда. Сол үшін синтетикалық есірткінің жаңа түрін анықтайтын заманауи құрылғы қажет, - дейді облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов.

Мамандардың айтуынша, заңсыз есірткі тасымалымен айналысуға шақыратын жабық Телеграм-каналдар көбейген.

Новости партнеров