Қазақстанда есірткі заттарының тізімі кеңейтілмек

19.12.2022 17:25

Психотроптық заттардың тізбесі психотропты анальгетик трамадолмен толықтырылды

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті

9 желтоқсанда Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі тағы 27 есірткі мен прекурсорларды мемлекеттік бақылауға енгізу туралы үкімет қаулысының жобасын әзірлегенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шұғыла Тұрлыбек есірткінің тізбесіне тағы 14 есірткі және 13 прекурсор атауы – оларды өндіруге қолданылатын заттар енгізілетінін айтты.

"Нашақорлықпен күресу үшін психотроптық заттардың тізбесі нашақорлар эйфория әсерін алу үшін қолданатын және жалпы нашақорлықтың қалыптасуына ықпал ететін психотропты анальгетик трамадолмен толықтырылды. 0,1 грамм - шағын өлшем, 10 граммға дейін - үлкен өлшем, 10 граммнан - өте үлкен өлшем", - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, үкімет қаулысының күшіне енуімен трамадол тек рецепт бойынша және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымына лицензиясы бар дәріханалар мен емдеу-алдын алу ұйымдарында ғана беріледі.

Үкімет қаулысының жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған.