Асыранды баланың жұмбақ өлімі

02.05.2024 17:27

Қылмыстық іс бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды

elements.envato.com

Ақмола облысының Щучье қаласында асырап алған екі жасар баланы азаптап өлтірді деген күдікпен тағы бір 29 жастағы әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі El.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл қылмыс Щучьеде осыдан 4 жыл бұрын болған. Бес жетімекті қамқорлыққа алғандар екі жасар баланы өлтіріп тастаған. Бірақ оны осы күнге дейін ешкім білмепті.

Қылмыс аяқасты әшкере болды. Әйел асырап алған баласының бірі ауырып, ауруханаға әкелгенде, өлтіріп тастаған баланың құжатын көрсеткен. Ал науқас баланың таяқ жегені мәлім болған. Ақыл есі кем, денсаулығының кінәраты бар бес баланы қамқорлыққа берген жауапты мекеме олардың бірін тіпті о дүниелік болғаннан кейін заңдастырған. Енді олар да заң алдында жауап береді. Басты күдікті ретінде 60 жастағы әйел қамауға алынған еді.

Енді «азаптау» бабы бойынша 29 жастағы балалардың қамқоршысы тұтқындалды. Төрт жыл бойы асырандылардың өлі-тірісін білмеген тиісті мекемеге де қатысты тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Педофил зейнеткер көшедегі балаларға тиісіп, 8 жылға сотталды