Бұл деректер тергеу барысында анықталды
Алматы облысында қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға 20-дан -100 АҚШ долларына дейін төленген. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы облысында «О» және «Н» есімді азаматтар анықталды. Олар Талдықорған қаласында тәртіпсіздік жасап, азаматтардың мүлкін жою, мемлекеттік объектілерді басып алған қатысушыларды қаржыландырған. Әрбір қиратушыға қатысқаны үшін 20-дан 100-ге дейін АҚШ долларын берген. Бұл деректер тергеу барысында анықталды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдардың жауаптарымен расталды», - деді ол.