Қарағандыда әкесінен зорлық көрген қыз жүкті болып қалды

10.11.2023 17:29

Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды

elements.envato.com

Қарағандыда өзінің 15 жастағы қызын зорлаған тұрғын 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сот отырысы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.

Тергеу барысында 42 жастағы ер адам балаларын демалысқа үйіне шақырып алып, түнде ұлының ұйықтап қалғанын күтіп, 15 жастағы қызын зорлаған. Бұл әрекетін жауыз әке бірнеше рет қайталаған.

Сот процесі барысында прокурор ҚК-тің 120-б. 3-2-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал жәбірленуші тарап соттан қылмыскерді қатаң жазалап, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушының қорғаушысы айыпталушының кінәсін толық мойындағанын, тергеуге көмектескенін, жасаған қылмысына шын жүректен өкінгенін ескеріп, қатаң жазаламауын өтінді.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғағымен, заттай дәлелдермен, сараптама қорытындылары және басқа іс материалдарымен дәлелденді.

«Сотталушы А. ҚР ҚК-нің 120-б. 3-2-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны ол қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. А-ның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. ҚК-тің 120-б. 3-2-бөлігі 3-тармағының санкциясы бойынша 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Тиісті сараптамамен химиялық кастрация жасау қажет деп танылмағандықтан, сот бұл жазаны тағайындаған жоқ. ҚК-тің 72-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу шарасы қолданылмайды», - деп хабарлады Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.