Олар 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеумен айналысқанын мойындады
Алматыда үш медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР нәтижесі мен вакцинация төлқұжатын қолдан жасап келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, «Достар Мед» және «Сұңқар» жеке медицина орталығы мен №4 емхананың қызметкерлері вакцинация паспорттарын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойып жібергені анықталды.
«Бірінші жағдайда клиникадағы зертхана қызметкері орталықтың екі мейірбикесінің көмегімен ақшалай сыйақы үшін теріс нәтижемен биоматериалды сынамасыз ПТР тестін ұйымдастырды. Біраз уақыттан кейін «Сұңқар» медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды, ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР тест нәтижесі, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды. Ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеумен айналысқанын мойындады»,– деп хабарлады полициядан.
Аталған фактілер ҚР ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тергеу жалғасып жатыр.