Көкшетаудағы мектептен табылған жарылғыш затты оқушы жасаған

25.05.2022 17:36

Ол осы оқу орнында оқуды қаламаған

Ақмола облысының Полиция департаменті Көкшетауда қала мектептерінің бірінен табылған жарылғыш затты мектеп оқушыларының бірі жасағанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Полиция қызметкерлері жарылғыш затты мектеп оқушыларының бірі (№2 ЖОМ) жасағанын анықтады. Мұндай әрекеттің себебі осы оқу орнында оқуды қаламаған. Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушыны профилактикалық есепке қою туралы мәселені шешіп жатыр", - делінген хабарламада.


Еске салайық, Көкшетауда қала мектептерінің бірінен жарылғыш зат табылған болатын.