Нұр-Сұлтанда ер адам сүйіктісін 14-қабаттан құлатып жібермек болған

23.01.2022 17:36

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда 23 жастағы жігіт жүріп жүрген өзінің 22 жастағы қызын 14-қабаттан лақтырып жібермек болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екеуінің арасында жанжал болды. Полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 22 қаңтарда "102" нөміріне Сарайшық көшесінде қолында тапаншасы бар адам қызды үйдің 14-ші қабатына шығарып итеріп жіберуге тырысып жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция полкінің инспекторлары Дархан Шүкенов пен Дархан Әбдікеев трагедияның алдын алды.

"Күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. 22 жастағы қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тапанша ойыншық екені анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады полиция.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды.