Браконьерлерден 13 қап киік мүйізі тәркіленді

27.07.2022 17:37

Тергеу амалдары қолға алынды

aikyn.kz

Алматы облысында браконьерлерден  13 қап киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақбөкендерді заңсыз атқандар Қызылорда облысының тұрғындары болып шыққан. Құқық қорғау орган өкілдері іздестіру барысында олардың жануар мүйізін тасымалдамақ болғанын анықтады. Аталған фактіге сәйкес, Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша тергеу басталды.

«Ұсталғандардың бірі тізгіндеген Toyota маркалы көлігінің салонынан Қызыл кітапқа енген жануардың 13 қап мүйізі тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу амалдары қолға алынды», – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.