Қарағандылық азамат такси жүргізушісін соққыға жыққан

12.03.2024 19:25

Полиция жүргізушіні тонап кетпек болған қала тұрғынын қолға түсірді

Almaty TV

Қарағандылық азамат такси жүргізушісін соққыға жығып, тонап кетпек болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәлім болған ақпарға сүйенсек, вокзалға бет алған жолаушы көлік жүргізушісінен жол бойына аялдай тұруды сұраған. Артынша сөзге келіп, рөлде отырған азаматты қылқындыруға көшіпті. Абырой болғанда, таксопарк қызметкері қашып үлгеріп, жолай өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған.  Жедел жеткен полиция қоқан-лоққы көрсетіп, тонап кетпек болған қала тұрғынын қолға түсірді.

Бұл дерек бойынша 35 жастағы күдікті анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс ашық тонау ісі бойынша қаралған. Алдын ала тексеру кезінде күдіктінің ішімдік ішкені анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.    

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында қарғын су жолды шайып кетті