Күдікті ұсталды
Жаңаөзенде 14 жастағы қыз жасанды түсік жасау үшін перинаталдық орталыққа жүгінді, -деп хабарлайды Almaty.tv.
Қыздың анасы орталыққа бірге келген. Дәрігерлер жүктілік мерзімі 13-14 апта екенін анықтады.
"Күдікті - жасөспірім қыздың туған әкесі. Іс "Зорлау" бабымен Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген", - делінген полиция хабарламасында.
Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.
Дереккөз: Sputnik.kz.