ШҚО-да әкесі ұлын мылтықпен атып өлтіріп, одан соң өзіне қол жұмсаған

infosmi.net
infosmi.net
Толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының өлі денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті 17 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы полиция бөлімімен Қабырға ауылындағы үйде зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адам мәйітінің табылу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (Адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталғанын хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ жарақатын салған, одан ұлы қайтыс болған, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1- бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Новости партнеров