Жарақат алған тұрғын оқиға орнында жан тапсырды
61 жастағы электрикті елдің көзінше екі рет атып кеткен қаскөй ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция депратаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 65 жастағы азаматты тұтқындаған. Қазір жағдайдың егжей-тегжейі мен себептері анықталып жатыр. Күдікті Екібастұздағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, одан қару алынған. Қылмыстық кодекстің 99-шы, яғни «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүруде. Еске салсақ күні кеше таңғы 08.00 шамасында белгісіз біреу есік алдына қоқыс тастауға шыққан азаматты атып өлтірген болатын. Видеосы сол маңдағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған.
«Бұл дерек бойынша 65 жастағы ер адам ұсталды. Қазір тергеу жұмыстар жалғасып жатыр. Еліміздің қылмыстық-процессуалды кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», – деді Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.