Олар бір айдың ішінде 5 ұрлық жасаған
Алматы полициясы екі ұрыны ұстады. Олар Шығыс Қазақстан облысы мен Екібастұздың тұрғыны, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар бір айдың ішінде 5 ұрлық жасаған.
"Соңғы ұрлық қаланың Бостандық ауданында, қоғамдық көліктің салонында тіркелді: қаскөй жолаушының «Айфон» 11 ұялы телефонын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық істер теркелді. Қазіргі уақытта күдіктілер қалада орын алған басқа да қалта ұрлығына қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Ұрылардың екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған.