Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте болған
Маңғыстау облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз оқ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің оқу-жаттығу жиыны кезінде болған.
«Сағат 17:10 шамасында дала лагеріндегі кезекші 9 мм ПМ қаруынан (Макаров тапаншасы) рұқсатсыз оқ атып, оқ мерзімді әскери қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның бетіне тиген. Сарбаз қалалық госпитальға бара жатқанда алған жарақатынан қайтыс болды», - деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.
Гарнизон өкілдерінің хабарлауынша, сарбаз өлімі қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан болған.
«Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Оқи отырыңыз: Күзгі шақырту: Алматыда әскер қатарына алынғандарды жөнелту басталды