Лагерь тұруға қажетті барлық затпен жабдықталған
Ақтөбе облысында қарасора плантациясы жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Мұғалжар ауданының Жем өзенінің жағасында заңсыз өсірілген қарасора плантациясы анықталды. Бұл жерде ауданның үш тұрғыны ұсталды.
Плантация қол жетпейтін жерде, қалың бұталардың ортасында ұйымдастырылған. Лагерь тұруға қажетті барлық затпен жабдықталған. Суару үшін су өзеннен сорғымен алынған.
Оқи отырыңыз: Дәрігерлер ер адамның өмірін аман алып қалды